Бауыржан Серікбаев: Барлық партияға тең мүмкіндік жасалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өркениетті елдерде сайлау өте салысымен алдағы бес жылдан кейін болатын сайлауға дайындала бастайды. Біздің елдің саяси жүйесіндегі партиялар да осындай жүйеде жұмыс істеуге үйренуі керек. Бұл туралы елордада «Сайлау – 2021: үгіт-насихат трендтері» тақырыбында өткен сарапшылар талқылауында саясаттанушы Бауыржан Серікбаев айтты.

«Үгіт-насихат жұмыстары өткен жылдың 10 желтоқсанынан басталды. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі бар: сайлау өз уақытында өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Президент сайлауы да, Парламент сайлауы да уақытынан бұрын өтетін және «Дайындықсыз қалдық», «Үлгермедік» деген әңгіме көп айтылатын. Бұл жолғы сайлауда ешқандай партия сайлау уақытынан бұрын өткені, үлгере алмай қалғаны туралы әңгіме айта алмайды. Барлық партияға тең мүмкіндік жасалған», - дейді саясаттанушы. Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев.

Ол осы жолғы үгіт-насихат жұмыстарын екі топқа бөліп қарастыруға болатынын айтты.

«Біріншісі, партия мүшелері, кандидаттары «есіктен есікке», «ауылдан ауылға» деген қағиданы ұстанып, әрбір үйге өзі тікелей барып үгіт-насихат жүргізді. Екінші, барлық партия әлеуметтік желілерде өте белсінді болғанын бәріміз көріп отырмыз. Әр партия Instagram, Facebook парақшаларында жазба жариялап, бейнероликтер салу арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жалпы алғанда үгіт-насихат жұмыстарында біз ешқандай шектеу байқаған жоқпыз. ҚР Заңдарына сәйкес әр партия өзінің мүмкіндігііне қарай қозғалып, халықпен тығыз жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады», - дейді сарапшы.

Бауыржан Серікбаев Қазақстанның саяси жүйесіндегі партиялар өркениетті елдердің деңгейіне көтерілуі керек екенін айтты.



Соңғы жаңалықтар