+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Бауыржан Оспанов боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді

2016 жылғы 31 қазан 08:24
Бөлісіңіз:
Бауыржан Оспанов боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Спорт жанашыры, меценат Бауыржан Оспанов боксшы Назым Қызайбайға үй салып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде спортшы əлеуметтік желідегі Инстаграмм парақшасына жазған.

«Сәлеметсіздер ме менің құрметті инста оқырмандарым.

Мен 2014 жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді, ал 2016 жылы мамыр айында өзіміздің Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда маған және ата-ана, бауырларыма үлкен үй салып беремін деген еді. Міне, қазір сол үйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасымыздың атынан үлкен рахмет айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан ағамыздай, қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп, көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мың да бір рахмет!!! Аман болыңыз, Бауыржан аға!» - деп чемпион өз қуанышымен бөліскен.

Айта кету керек, спорт жанашыры Бауыржан Оспановқа Қанат Ислам да өз алғысын жаудырған болатын. Жəне меценат өзінің жерлестеріне де ерекше қамқорлығын жасауда. Қазір Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының халқына бар жағдай жасалған. Ауылда кинотеатр, спортзал, демалыс алаңы, тойхана сынды халық үшін аса қажетті ғимараттардың барлығын Бауыржан Оспанов жөндеп, ел игілігіне берді. Сондай-ақ аталған ауыл халқы ішімдіктен бас тартқан. Тұрғындарға қымыз күнделікті тегін таратылады. Оқушыларға сапалы білім беру мақсатында ауылға қаланың білікті мамандарын меценат өзі арнайы шақырып, оларға барлық жағдайды жасаған. Жаңа баспана салып, жалақыларын да бірнеше есе өсірген.

Салеметсіздер ме менің құрметті инста оқырмандарым🙂 Мен 2014-ші жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді,ал 2016 жылы Мамыр айында,өзіміздін Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңіпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда😊маған және ата-ана,бауырларыма улкен уй салып беремін деген еді😳міне қазір сол уйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасмыздың атынан ҮЛКЕН РАХМЕТ айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан агамыздай, Қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп,көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мыңда бір РАХМЕТ!!! АМАН БОЛЫҢЫЗ БАУЫРЖАН АҒА!

Фото опубликовано Назым Кызайбай (@nazym_kyzaibay) Окт 30 2016 в 9:46 PDT

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT