Бауыржан Мұхаметжанов Қазақстанның Грузиядағы Елшісі қызметінен босатылды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Еске салайық, Президент еліміздің Грузиядағы Елшісі қызметіне Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалинді тағайындады. М.Мырзалин ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстанның Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілері тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар