+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Бауыржан Момышұлы» телефильмінің ресми трейлері жарыққа шықты! (ВИДЕО)

2013 жылғы 29 қараша 04:03
Бөлісіңіз:
«Бауыржан Момышұлы» телефильмінің ресми трейлері жарыққа шықты! (ВИДЕО)

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - «Хабар» Агенттігінің идеясымен түсірілген даңқты қолбасшы, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы тарихи телефильмнің ресми трейлері жарыққа шықты.

Бұл туралы телеарнаның баспасөз қызметінен хабарлады.

Телефильм желтоқсан айының он жетісінен бастап «Хабар» арнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда. Аталмыш телефильм «Хабар» Агенттігі мен режиссер Ақан Сатаевтың тәуелсіздік күніне тартқан сыйы болмақ. Күні кеше ғаламтор желісінде жарияланған телехикаяның ресми трейлерінің өзі мыңнан астам көрсетілім жинап үлгерді.

Фильмнің бірінші маусымының сценарийін Тимур Жақсыбаев жазды. Оған Александр Бектің «Арпалыс» атты повесінің бірінші бөлімі негіз болған. Фильмде батальон командирі ретінде ұрысқа қосылған Бауыржан Момышұлының алғашқы шайқасы, оның майдандас достарының екіұдай көңіл-күйі, өзіне де, өзгеге де талапшыл командирдің жаужүрек мінезі туралы баяндалады. Басты рөл - М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері Еркебұлан Дайыровқа бұйырды. Батырдың жары Жамалдың рөлін Әсел Сағатова, генерал Панфиловты Виктор Ашанин, летейнант Қасеновты Саят Есембаев сомдады.

«Бұл кез-келгеннің басына қона бермейтін бақ қой, сол бақты бағалай білген абзал деп ойлаймын. Маған сенім артқан осы телефильмнің авторы - «Хабар» агенттігіне Ақан ағаға рахмет айтқым келеді. Мен де осы кісілердің сенімдерін ақтап шығуға барынша тырыстым. Шынымды айтсам, осы жолы Баукеңнің шығармашылығына, мінезіне қатты ғашық болдым. Кімді ойнап жатқанымды білуім керек қой. Сондықтан, Баукеңді зерттеу барысында қазақта осындай азаматтың барына қуандым. Біз онымен мақтануымыз керек. Кейінгі біздің өскелең ұрпаққа үлкен тілегім, құлақтарына алтын сырға Бауыржанның кім екенін білсін, танысын. Негізі, Баукеңнің бойындағы тұнып тұрған батырлық әр қазақтың жігітінің қанында бар. Сол жұрнақ бәрінде бар. Егер ол болмаса, осыншама ұлан-ғайыр жерді кезінде біздің жігіттер алып қалмас еді», -дейді басты рөлді сомдаушы актер Еркебұлан ДАЙЫРОВ.

Телефильм 4 бөлімнен тұрады

Өндіруші: «Хабар» Агенттігі, Sataifilm

Продюсері әрі режиссері: Ақан Сатаев

Қоюшы оператор: Хасан Қыдырәлиев

Сценарий авторы: Тимур Жақсылықов

Костюм жөніндегі суретші: Әсел Шалабаева

Рөлдерде: Еркебұлан Дайыров, Виктор Ашанин, Әсел Сағатова, Саят Исембаев, Мақсат Сәбитов, Бақтияр Қожа

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT