+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бауыржан Исламхан «әл-Айн» клубында тағы үш жыл ойнайды

2020 жылғы 31 шілде 00:23
Бөлісіңіз:
Бауыржан Исламхан «әл-Айн» клубында тағы үш жыл ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктерінің «әл-Айн» командасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Чемпиондар Лигасы: «Барселона» мен «Бавария» жарысты жалғастырады Роналду Чемпиондар лигасында 130-голын соқты Футбол: Чемпиондар лигасы қайта жалғасады

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Келісімшарт алдағы үш футбол маусымына жасалған. Қазақстандық футболшының команда құрамына қосылуына португалдық бапкер Педру Эмануэл қызығушылық танытты.

Айта кетерлігі, Бауыржан Исламхан келісімшартқа қол қоюдан бұрын БАӘ-дегі карантин талабына сәйкес жеті күнге оқшауланды. Коронавирусқа байланысты екі мәрте сынама тапсырды. Толық медициналық қадағалаудан өтті.

Бауыржан Исламхан биыл 31 қаңтарда «Аль-Айн» командасымен маусым айына дейін келісімшартқа қол қойған еді. Ол он ойында жасыл алаңға шықты. Қарсыластар қақпасын бір мәрте дәл көздеп, үш мәрте нәтижелі пас берді. Наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты аталған мемлекетте барлық жарыстар тоқтатылды. Кейіннен футбол біріншілігі аяқталғаны жөнінде шешім қабылданды.

Енді ол командадағы әзге әріптестерімен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысады. Футболдан БАӘ чемпионаты 3 қыркүйекте басталады деп жоспарланып отыр.

Бауыржан Исламхан 1993 жылдың 23 ақпанында Тараз қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында «Тараз», «Астана», «Қайрат», Ресейдің «Кубань» клубтарында ойын көрсеткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT