Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубына ауысты
2020 жылғы 31 қаңтар 16:45

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубына ауысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы футболдан Қазақстан ұлтық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды өз ойыншысы ретінде ресми таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоролик жарияланды.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Біріккен Араб Әмірліктеріне жаңа клубпен келісім жасауға кеткенін хабарлаған едік.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT