Бауыржан Байбек жаңғыртылған «Көк базарды» аралап көрді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жаңғырту жұмыстарынан кейін қайтадан ашылған «Көк базар» сауда орталығын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Көк базар» сауда орындарын жаңғырту бағдарламасы аясында қайта түрленіп, 2017 жылдың ақпан айында пайдалануға берілген. Павильон аумағы 20 мың шаршы метр, оның 10 мың шаршы метрінде сауда орындары орналасса, жарты алаңда екіқабатты 400 көлікке арналған паркинг бар.

Жоба құны шамамен 2,5 млрд теңге болып, 500 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, бүгін Бауыржан Байбек «Mizam» жаңа форматтағы тұңғыш көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты.

«Mizam» сауда орталығының бас директоры Досмұхан Керімбаевтың айтуынша, олардың жүзеге асырып отырған жобалары әлемге танымал франциялық «Ранжис» базарының тәжірибесі бойынша жасалған. 

«Бұл жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің нағыз жарқын үлгісі. Алматының қала құрылысы бойынша кеңесі алдында осы жобаны таныстырғанда бізде төмен баға болады деп уәде бергенбіз, біз сол айтқан сөзімізде тұрмыз», - деді Досмұхан Керімбаев.

Айта кетейік, «Mizam» жобасының басты тұжырымдамасы бойынша орталық тек тікелей жеткізушімен ғана жұмыс жасайды. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында толғымен жеке инвестордың қаржысына салынды. Жоба құны 3,1 млрд теңге, орталықта 2000 жұмыс орны ашылды. 

Соңғы жаңалықтар