Бауыржан Байбек Twitter-де жеке аккаунтын ашты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Twitter әлеуметтік желісінде өз аккаунтын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оңтүстік Астана басшысы парақшасында алғашқы постын орыс және қазақ тілдерінде жариялады.

«Бүгін біз қаланың қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бірқатар маңызды мәселелерді, оның ішінде туризмді дамыту және Алматының ашық бюджетін жаңаша қалыптастыру мәселелерін талқылаймыз», - деп жазды Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, 28 наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысқан кеңесте әкімдердің халықпен ықпалдастық форматын өзгерту үшін әлеуметтік желіге тіркелуді тапсырған болатын.

Президент әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп отырған саясатты жеріне жеткізе түсіндіру, жағдайды басқара білу маңыздылығын айтқан еді.

Мемлекет басшысының ескертуінен соң өңір басшылары жаппай әлеуметтік аккаунт аша бастады.

Нұр-Сұлтан, Шымкент, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдерінің бұған дейін де Фейсбук және Инстаграм желілерінде парақшалары бар болатын.

Президент тапсырмасынан соң Алматы, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басшылары түрлі әлеуметтік желілерде жеке парақшаларын ашты.

Соңғы жаңалықтар