Бауыржан Байбек Татарстаннан келген делегация өкілдерімен жүздесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Татарстанның жаңашыл топ өкілдерін «Almaty Innovations - 2017» форумына қатысуға шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Almaty Innovations - 2017» форумы 30 маусым күні өтеді және ол қалалық инновацияларды енгізуді талқылау алаңына айналады. Татарстан Республикасы президенті аппарат жетекшісінің орынбасары Игорь Савельевпен кездесу барысында Алматы қаласының әкімі инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселесін сөз етті. Татарстан делегациясының өкілдеріне Алатау ауданындағы индустриялды аумақ пен «Жаңа инновациялық технологиялар паркі» еркін экономикалық аумағының мүмкіндіктері ұсынылды. 


Татарстан Республикасы президенті аппараты басшысының орынбасары Қазан қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан «Иннополис» инновациялық орталығының тәжірибесі туралы айтып берді. «Иннополис» жоғары технологиялық салаларды тартуды қарастырады. Сонымен қатар орталықтың аясында атауы бір ерекше экономикалық аймақ жұмыс істейді. Кездесу барысында Игорь Савельев Алматы мен Татарстанның жоғары технологиялар саласында ынтымақтастығының әлеуеті зор екендігін айтты.

«Мен Алматыға бірінші рет келіп тұрмын және бұл қала маған қатты әсер етті. Қаланың мықты энергиясы, кәсіби рухы айқын сезіледі. Бізге шағын және орта бизнесті дамыту, стартаперлерді қолдау, «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруға деген жергілікті көзқарас қатты ұнайды»,-деді Савельев.

Кездесудің қорытындысы бойынша, ынтымақтастықтың нақты бағыттары мен жауапты адамдар айқындалды. Сонымен қатар құзырлы мекеме өкілдерінен делегация жіберіп, тәжірибе мен технологияларды зерделеу жөнінде келісілді.

Соңғы жаңалықтар