Бауыржан Байбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаны қайта қарауды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала əкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен қалалық филиалдың саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында партия АҚФ жанындағы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің есебі тыңдалып, білім беру жəне денсаулық сақтау салаларындағы халыққа қызмет көрсетудегі ашықтық пен есептілік шаралары қаралды.

«Елбасы басшылығымен елімізде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қарқынды күш алып келеді. Күрестің идеологиялық негізі қалыптасып, құқықтық базасы нығайтылды. Мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында кешенді реформа жүргізіліп келеді. Меритократия принциптеріне негізделген кəсіби «А» корпусы жабдықталды. Саяси кеңестің отырысында 2015-2025 жылдарға арналған іс қимылдың партиялық бағдарламасын қабылдадық. Мемлекет басшысы он жылға арналған мемлекеттік стратегияны бекітті. Бұл мәселелер Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформадан көрініс тапты. Біз үшін бұл аса жауапты міндет», - деді партия филиалының төрағасы.

Отырыс барысында жемқорлық көрінісін түбегейлі жою мақсатында əкім аппараты мен Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментке бір ай мерзімінде аймақтық бағдарламаны қайта қарау жəне бірқатар нақты шаралармен толықтыру тапсырылды.

Қалалық Мәслихат депутаты Алшанов Рахманның айтуынша, көптеген мемлекеттік мекемелерде сайт жұмыс жасамайды немесе мүлде жоқ. Сенім телефондарына ешқашан хабарласу мүмкін емес.

«36 жергілікті атқару органының 5-інде сайт жоқ. Оның ішінде ауылшаруашылығы, жер қатынастары, дін істері, автожолдар, тұрғын-үй инспекциясы басқармаларының арнайы сайттары жоқ. Сайты бар басқармалардың өзінде көпшілігінде сенім телефондары, азаматтарды қабылдау уақыты көрсетілмеген», - деді Рахман Алшанов

Академик Р.Алшанов партия мен мемлекеттік органдар қызметін үйлестірудің қоғамдық кеңеске жүктелуі қаладағы әлеуметтік, медициналық, құқықтық қызметтің сапасын көтеруге, білім саласындағы «ақша жинау» сияқты үрдістерге тосқауыл қоюға ықпал етеріне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар