Бауыржан Байбек субұрқақтарды қалпына келтіруді тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Абай, Абылай хан, Желтоқсан, Назарбаев даңғылдарын аралау барысында жұмыс істемейтін субұрқақтарды қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бөлек қала басшысы тиісті басқармалары мен коммуналдық қызметіне жүргінші аймағы мен жаяужолдарды ұлғайтуды, жасыл желекті түзеуді, тарихи ғимараттардың сыртына ежелгі келбетін қайтаруды тапсырды.

«Қаланың тарихи орталығын жаңарту -  таяу арада  атқарылатын үлкен жұмыстардың басы ғана. Қазір біз асфальт, түрлі құрылыс нысандарын, өзі  әдемі болғанымен сыртына  түсініксіз нәрселер жапсырылған  ғимараттарды көріп жүрміз. Әр квартал, әрбір  көше жөнделіп, ретке  келтіріледі. Алматының бұрынғы тартымдылығын қайтаратын уақыт жетті», - деді  Бауыржан Байбек.

Алматы әкімі күрделі жөндеуден өтетін бірқатар жер асты өтпелі жолдарды аралап көрді. Бауыржан Байбек жол жөндеу кезінде жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.

null 

Биыл Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы мегаполисті жаңғырту және «Алматыны дамытудың 50 драйвері» жобасы аясында қаланың тарихи орталығын жаңарту одан әрі жалғасады. Ғимараттардың сырты жаңарып, жүргінші аймақтары кеңейеді.

null null null 

Айта кету керек, бір апта бұрын Бауыржан Байбек  аяқжолдардың бойында түрлі құрылыс жүргізіп, жаяу жүргіншілерге көп кедергі келтіретін тұлғаларды анықтау жөнінде тапсырма берген еді.

Биыл қалада ұзындығы 155 шақырым болатын 157  көше жөнделеді.  Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдары алынады. Жол жиегін жөндеу барысында тротуарлар абаттандырылып, арық науалары алмастырылады.

 

Соңғы жаңалықтар