Бауыржан Байбек: Партияны қайта жаңғырту – саяси көшбасшылықты нығайтуға мүмкіндік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. Nur Otan партиялық бақылау комитеті құрылғалы бері «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер», «Ауызсу», «Нұрлы көш» сияқты әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың іске асырылуын бақылап келеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі апта бұрын біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңесінің отырысын өткіздік. Партиялық бақылау комитеті және сыбайлас жземқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес – екеуі де өзекті партиялық бақылау органы. Бүгінгі күні олардың рөлі мен маңызы ерекше», - дейді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, тамыз айында партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім, диалог, болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты паритияны қайта жаңғырту бағдарламасын жариялаған.

«Қайта жаңғырту сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту, партиялық тәртіпті арттыру, Партия айналасына жастарды біріктіру және басқа да өзекті міндеттерді шешуге бағытталған. Осы міндеттерді сапалы шешу партиямызға түбегейлі жаңару ғана емес, ең бастысы – саяси көшбасшылықты нығайтуға, сайлаушылардың сенімін ақтауға мүмкіндік береді», - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл мәселеде партиялық бақылау комитеті бақылаушы орган ретінде партия төрағасы қойған міндеттердің орындалуын жүйелі түрде бақылау мен мониторинг жүргізуді ұйымдастыруы қажет. Комитеттің бұл үшін қажетті тәжірибесі мен ресурстары бар.

«Барлық өңірде партияның 239 аймақтық комиссиялары жұмыс істейді. Партиялық бақылау комитетінің қызмет істеген жылдары ішінде «Нұрлы Жол», «Нұрлы жер», «Ауызсу», «Нұрлы көш» сияқты мемлекеттік индустриялық-инновациялық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалардың іске асуын бақылау жүзеге асырылды. Барлық өңір бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысы мен олардың уақытылы пайдалануға берілуіне қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізді», - дейді «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар