Бауыржан Байбек өз отбасына тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы көлік тұрақтарын отбасы мүшелері иелік етеді дейтіндерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің отбасым тұрақтарға иелік етеді деген өсек таратты. Меніңше, мұны заңды жұмыс істегісі келмейтіндер, лай судан балық аулауды қалайтындар шығарып жүр. Осы арқылы біреулердің әкімдікке қысым көрсетуге үміттенетіндігі, онсыз да күрделі болғанымен аса қажетті көлік реформасын жүргіздірмеуді қалайтындығы анық», - деді Алматы әкімі.

Оның атап өтуінше, көліктерді қала ортасынан ығыстырып шығару мәселесі өткір тұр. Себебі қаланың экологиялық ахуалы күрделене түсуде.

«Бүгінде қаланың атмосферасына тасталатын қалдықтардың 70 пайызы көліктен бөлінеді. Яғни, әкім ретінде мен 10 шараның 7-еуін көлікке бағыттаймын. Себебі зиянды қалдықтардың 70 пайызы соларға тиесілі. Бұл экологияға, балаларымыздың, ата-аналарымыздың денсаулығына қатысты мәселелер», - деді Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар