Бауыржан Байбек «Нұрсұлтан» шыңына шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Нұрсұлтан шыңын бағындырды. Бұл туралы Instagram-дағы жеке парақшасында Альпинизм федерациясының вице-президенті Ержан Еркінбаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Алматы әкімімен бірге Нұрсұлтан шыңына шықтық. Баршаңызды Астананың 20 жылдығымен және Елбасының туған күнімен құттықтаймыз», - делінген жазбада.

Сондай-ақ алматылықтар 8 шілде күні өтетін Нұрсұлтан шыңына шығу альпиниадасына шақырылды. Бұл шара салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында белсенді демалысты ұйымдастыру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Былтыр альпиниада әлемнің түкпір-түкпірінен 5 мың адам жиналған болатын. Биыл шыңды бағындыру шарасы Астананың 20 жылдығына арналып отыр. 

Соңғы жаңалықтар