Бауыржан Байбек «нұротандықтарға» Қазақстан Президентінің алғыс хатын табыстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек 20 наурызда кезектен тыс өткен ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытып, айтарлықтай үлес қосқан партия мүшелеріне ҚР Президентінің, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының атынан алғыс хатттарды табыс етті.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімі өткен сайлаудың еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиғаға айналғандығын, Қазақстан халқының «нұротандықтарға» үлкен сенім білдіргенін, сондықтан әрбір партия мүшесінің осынау зор сенімді ақтаулары тиіс екендігін атап өтті.

«2016 жылғы сайлауды жоғары деңгейде өткізуде белсенділік танытқандардың барлығына алғыс айтамын. Партияның алдында үлкен міндеттер тұр. Біздің басты миссиямыз Қазақстан халқының бірлігін арттыру, ал сіз бен біздің міндетіміз жастарға мемлекеттіліктің, бірлік пен келісімнің өздігінен келмейтіндігін түсіндіру және оларды өрелі істерге тәрбиелеу», - деді әкім.

Сайлау барысында үлкен белсенділік танытқан мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар, спортшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне 37 алғыс хат табыс етілді.

«Бұл марапатты алу - біз үшін үлкен абырой. Елбасы басқаратын билік партиясы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін біз аянбай еңбек ететін боламыз» - деді «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 20 наурызында өткен сайлауда Алматы қаласының 37 сайлау округінің 35-і «Нұр Отан» партиясының кандидаттарына дауыстарын берді.

Соңғы жаңалықтар