+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Бауыржан Байбек нағыз нұротандық қандай болуы керектігін айтты

2019 жылғы 9 қыркүйек 19:28
Бөлісіңіз:
Бауыржан Байбек нағыз нұротандық қандай болуы керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Жастар Отанға!» жыл сайынғы республикалық жастар лагерінің қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бас прокуратура: Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді 2024 жылға қарай денсаулық саласына ЖІӨ-нің 5 пайызы бөлінеді Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров

Кездесу барысында жастар үшін әлеуметтік лифтілер құру, жұмысқа орналасу, жатақхана тапшылығы, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру сынды мәселелер көтерілді. Бауыржан Байбек лагерь қатысушылары тарапынан туындаған сауалдарға жауап бере келе «Nur Otan» партиясын жүйелі жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, нағыз нұротандық қандай болуы тиістігіне қатысты ойымен бөлісті.

«Nur Otan» - бұл тәулік бойғы түсінік. Сен тек сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін ғана нұротандық бола алмайсың. Әйтпесе бізде бүгін бір нәрсе, ертең басқаша айтатын кейбір депутаттар бар. Кім бастық екендігіне байланысты. Бізге ондай нұротандық керек емес. Олар адамдарға, елге көмектесу үшін келмеген. Олар лауазымды қызмет атқару және өздерінің мәселелерін шешу үшін келгендер. Міне, сондайларды анықтап, партия қатарын тазарту қажет. Нұротандықтар елді өзгерткісі келетін, оны жақсарта түскісі келетін адамдар болуы тиіс«, - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, ол Партия Лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар» деп жас буынға үлкен сенім артып отырғанын, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында жастарға берілетін білім сапасына айрықша назар аударылғанын айтты.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT