Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды. «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тұрмысы төмен екі жанұяға жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы игі шараға қатысқан партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Қазыбек би ауылдық округінен аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға баспана салуға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.


«Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға қолдау білдіріп, баспана салуда үлес қосқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Біз қиналған қандасымызға қолұшын созып, сүрінсе демеу болған халықпыз. Тәрбиеміз солай. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға дарыған бұл қасиетіміз ешқашан жоғалмақ емес», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, бүгін Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Абай ауылдық округінде шаруалармен кездескен болатын. Олармен еркін форматта әңгімелескен партиясы төрағасының бірінші орынбасары шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Жетісай қаласында бой көтерген заманауи емханада да болып, дәрігерлерімен де жүздесті.


Соңғы жаңалықтар