Бауыржан Байбек көлік тұрағына айналған тротуарды қалпына келтіруді талап етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың бірқатар көшелерін аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы Қалдаяқов көшесінің шығысына қарай Гоголь мен Әйтеке би көшесі арасындағы тротуарды қалпына келтіруді тапсырды. Оның айтуынша, мұнда нысанның меншік иелері жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретін көлік тұрағын жасап алған.

«Тиісті басқарма қоғамдық аймақты көлік тұрағына айналдырған Абдуллин мен Гоголь көшелері бұрышындағы құрылысты салып жатқандарға шара қолдансын. Жаяу жүргіншілерге басымдық бере отырып аталған аймақты көріктендіру жұмыстарын құрылыс компаниясы өзінің жеке қаржысы есебінен атқаруы керек» - деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде Гоголь көшесі бойымен Ш.Қалдаяқов көшесінен Орталық мәдениет және демалыс паркіне дейін абаттандыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз құрылыстардың барлығы алынады.

Айта кетерлігі, бұрын Ш.Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаске жөнделген еді.

Биылғы жазда Алматыда 150-ден астам көше, 30 км тротуар мен 600 аула қайта жасалады. Жерасты өтпелі жолдардың барлығында күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа фонтандарды салу жоспарланған.

Бұрын қайта жасалған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, К.Байсейітова, М.Төлебаев көшелері мен «Астана» алаңынан өзге қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады.
null null


null null

Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар