Бауыржан Байбек қала көшелерін аралап, бірқатар тапсырма берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын аралап көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мегаполис басшысы бірнеше сағат ішінде Абай, Байтұрсынов, Асқаров, Гагарин көшелерін аралап, оларды одан әрі абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Мамырдың соңына дейін  Гагарин даңғылын Әл-Фарабиден Тимирязев көшесіне дейінгі жолдарды қайта жасау аяқталады.  Ұзындығы үш  шақырымнан асатын жаңарған жолмен қатар жаяу жүргіншілер тротуарлары абаттандырылып, арық желілері салынады. Пайдаланылмайтын конструкциялар мен заңсыз құрылыстар бұзылып, сонан соң көшелерді көгалдандыру жоспарланған. Жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  көлік тұрақтары, даңғыл жиегіндегі тротуарлар қалпына келтірілуде. Тұрғындардың  талабын ескере отырып, Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату  мүмкіндігі қарастырылуда. «Baykonyr» бизнес-орталығы алдындағы жүргінші аймағы  кеңейіп, көлік тұрағы жіңішкереді»-делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, Алматы әкімі Байтұрсынов көшесін аралаған кезде заңсыз салынған дәмхананың жазғы террасын алып тастап, жүргінші  учаскесін қалпына келтіруді тапсырды.

Авторы: Арайлым Жолдыбаева

Соңғы жаңалықтар