Бауыржан Байбек Индустрияландыру картасы аясында ашылған цехтың жұмысымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек құбырларға полиэтилен қаптама өндіретін «AGS стройиндустрия» цехының жұмысымен танысты.

Өндіріс орнының өндірістік қуаты жылына 2,5 мың тонна өнім. Бұл Алматыдағы жаңғыртылатын барлық құбырларды қайта қаптап шығуға мүмкіндік береді.

Бүгінде цех ПВХ-профиль, мебель, ағаш және металл есік, терезе, түрлі металл құрылғылары, металл пластик өндірумен айналысып жатыр.

Компания өнімдері Қазақстанның әр аймағындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынатын үйлердің құрылысына пайдаланылуда.

Аталған жоба Алматының индустрияландыру картасына енген.

2015-2019 жылдары Алматыда барлығы жалпы құны 100,5 млрд теңге болатын 43 индустриялық жоба жүзеге асырылатын болады.

Осылайша 2015 жылдың екінші жартысында өңірлік индустрияландыру картасына енген 3 жоба «DUAL-SP» ЖШС, «HyundaiTransAuto» ЖШС, «Уркер АШ» ЖШС іске қосылды. Жалпы құны 4,2 млрд теңге болатын бұл үш жоба 208 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында «COLOR International Technologies» лак-бояу өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар