+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бауыржан Байбек: Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез келді

2020 жылғы 9 шілде 17:17
Бөлісіңіз:
Бауыржан Байбек: Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез келді. «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Осынау күрделі кезеңде өз жақындары мен туыстарынан айрылған барша жанға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерімен қатар Қазақстан да COVID-19 ауруы жылдам таралып отырған мемлекеттер тізіміне енді. ⠀

Қалыптасқан ахуалды ескеріп, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын күшейту туралы мәлімдеді. Олардың қатарында лабораторияларды жете жарақтандыру, төсек-орындар мен ПЦР тестілер санын арттыру шаралары қамтылған. Осы қиын жағдайды пайдаланып, пайдаға кенеліп қалғысы келетіндерге қатысты қатаң шаралар қабылданады. Бұл осындай күрделі кезең ішінде ел арасында үрей туғызып, әлеуметтік алауыздықты қоздырушыларға қатысты болмақ», - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, жалпы дәрі-дәрмек, өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға және басқа да шұғыл шараларға кемінде 150 млрд теңге бағытталады. Ендігі мәселе – осы шаралардың атқарушы органдар тарапынан орталықта және өңірлерде тиімді іске асырылуы.

«Ел Президенті жариялаған шараларды қолдай отырып, біз #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен өңірлік филиалдардың жұмысы мұқтаж азаматтарға атаулы көмек көрсетуге бағдарланды. Қоғамдық қабылдаулар онлайн режимде қызу жұмыс жүргізуде.⠀

Елбасының бастамасымен соңғы 3 айда 550 мыңнан астам аса мұқтаж отбасыға, яғни отбасылық коэфициентін ескергенде 2 миллиондай адамға атаулы қаржылық көмек көрсетілді. Тағы 300 мыңдай отбасы азық-түлік себеттерімен және қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 100 мың отбасыға 5 миллион маска таратылды. Осынау ауқымды жұмысқа «Jas Otan»-ның 5 мыңнан астам волонтері атсалысты», - деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез келген.

«Мемлекет басшысы үндеуінде атап көрсеткендей, қазіргі кезде қазақстандықтардың халқымыздың басына түскен сынаққа барынша сабырлық, төзімділік пен жауапкершілік танытуы маңызды. Ел Президентінің жанына топтаса отырып, бірлігімізді көрсететін кез, осы. Тек жұдырықтай жұмыла отырып қана бұл қатерді еңсереміз. ⠀

«Nur Otan» партиясы өзінің бүкіл ресурсын Мемлекет басшысының тапсырмаларына қоғамдық және партиялық бақылауды қамтамасыз етуге жұмылдырады», - деді Бауыржан Байбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT