Бауыржан Байбек «Атакент» орналасқан аумақты қала меншігіне қайтаруды тапсырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында «Атакент» іскерлік байланыс орталығын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, меншік иелері аталған аймақты дамыту бойынша міндеттемелерін толық атқармай отыр.

Осыған байланысты Алматы әкімі тиісті басқармаларға жалға беру келісімін бұзу туралы тапсырма берді.

 «Кезінде «Атакент» айналасы жасыл желекке оранып, мұнда адамдар отбасымен серуендеуге келетін. Бұрын каскадты субұрқақ бар еді, ал қазір оның бәрін асфальттап, көлік тұрағы мен  базарға айналдырған. Басқарушы  компания осы аумақтты  дамыту жөнінде қалалықтарға үлкен уәде беріп еді, алайда, көріп отырғанымыздай соңғы жылдары ешқандай жұмыс атқарылмаған», - деді  Бауыржан Байбек.

null 

Алматы әкімі кешен айналасындағы асфальтты жерді азайтуды, жасылдандыруды, газондарға орналасқан түрлі конструкциялар мен құрылыстарды алып тастауды, ағаш отырғызуды, орындықтар мен урналарды және басқаларын қоюды тапсырды.

null  

Бұдан өзге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орталық кіреберістегі көлік тұрағы  бұзылады. 

null  

Жұмыс сапары аясында Бауыржан Байбек Тимирязев және Әуезов көшелерін абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар