Бауыржан Байбек Арыс халқымен кездесті

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласына іссапармен барды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс сапары аясында ол апаттан бүлінген үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, тұрғындармен жүздескен.

«Үйіне зақым келген тұрғындармен кездесуде мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілетінін, ешкім де назардан тыс қалмайтынын айттым. Елбасы мен Президент тапсырмалары бойынша нақты шаралар жасалып жатқанын көзбен көрдім», - деп жазды Бауыржан Байбек.
null

Nur Otan өкілінің жазбасына сүйенсек, Арыста бүгінде 100 құрылыс компаниясының 1500-ден астам қызметкері жөндеу жұмысына тартылған. Бүлінген үйлердің барлығын 1 тамызға дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Осы жұмыстың бәрін «Nur Otan» партиясы бақылауына алып, күн сайын жасалған жұмыстар туралы ақпарат беріп отырады.

«Қазақстан жастары мен жасотандықтарға да алғыс айтқым келеді. Олар апат болған күннен бастап ерікті ретінде зардап шеккендерге көмектесіп жүр. Бұл - нағыз отаншылдық пен ерліктің жарқын мысалы». Арыс, біз біргеміз», - деп жазды ол өзінің парақшасында.

null nullnull null

Соңғы жаңалықтар