Бауыржан Байбек Алматының Түрксіб ауданын аралады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысы «Жас қанат» ықшам ауданындағы қазандықтың, мектептер мен емханалардың қыс мезгіліне дайындығын тексеріп, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Қала басшысы қазандықты биылғы жылдың қазан айына дейін іске қосып, №28 емхананы электрэнергиясымен қамтуды үзбеуді тапсырды. Аталған нысан осыдан үш ай бұрын берілгенімен, жарық көзіндегі проблемалар салдарынан іске қосылмаған еді. Әкім тиісті құрылымдар басшыларына ықшам аудан көлемінде инженерлік-коммуникациялар жүйені жүргізуді жете зерттеп, мәселені ойдағыдай шешуді тапсырды. Қала басшысы теміржолы жоқ «GEGA» ЖШС-нің логистикалық орталығында болды. Анықталғанындай, бұл орталыққа «ALGCompany» ЖШС теміржолмен байланыс жасауға келісім бермей отырған көрінеді. Әкім бұл мәселені де жан-жақты зерттеп барып, екі жақты тиімді келісімге келуді бұйырды. Бұлардан өзге мегаполис басшысы «Алматы қаласының құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында да болды. «Алматы-1» теміржол вокзалы маңындағы «Сапар» ЖШС базарын аралап, оның санитарлық, өртке қарсы және архитектуралық нормаларға сай еместігіне қарай сүруді тапсырды. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, базар басшылығы бұл жерге сауда орталығын салуды жоспарлаған екен. Әкім «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы аясында салынған көппәтерлі тұрғын үйді де көрді. Бұл бағдарлама ауданда 2013 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Каркас пен қамыстан салынған екіқабатты ескі үйлердің орнына бес қабатты заманауи үйлер бой көтерген, соның арқасында қосымша жылу мен жарық көздері де қажет. Бауыржан Байбек ауданда қосымша автоматты жылу және жарық көздерін жасау керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар