Бауыржан Байбек Алматының Құрметті азаматы болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Алматының Құрметті азаматы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ірі мегаполистің бұрынғы әкіміне айтулы награданы Қала күнін тойлау салтанатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті.

Биыл оңтүстік астананың құрметті азаматы атанғандардың арасында жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов, театр және кино актері Юрий Померанцев, ақын әрі жазушы Олжас Сүлейменов сынды әдебиет пен мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ медицина саласына еңбек сіңірген тұлғалар бар.

Бұдан бөлек, қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі тұлғалар, ЖОО ректорлары, қоғам қайраткерлері «Еңбек үшін» төсбелгісімен марапатталды.




Соңғы жаңалықтар