Бауыржан Байбек Алматының 2016-2020 жылдардағы даму бағдарламасын жастармен бірге талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Бауыржан Байбек Алматының 2016-2020 жылдардағы даму бағдарламасын жастармен бірге талқылады.

Қала әкімі оқу орнының кітапханасын, қызмет көрсету орталығын аралап, университет жұмысымен танысты.

Бүгінгі жиынға қаладағы барлық оқу орындарының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

«Алматы - жастардың қаласы. Қала тұрғындарының орта жасы - 37 жас. Қалада 14-29 жас аралығындағы тұрғындардың саны жарты миллионнан асады. Бұл қаламыздың үлкен ғылыми-ағартушылық, білім беру функциясының маңыздылығын көрсетеді. Алматы - тәуелсіздік бесігі. Соның арқасында жастарымыз қала дамуында көп жетістіктерге қол жеткізді.

Жақында қаланың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жария еттік. Өңірлік даму бағдарламасы халықпен кеңінен талқыланып жатыр. Сіздермен бағдарламаны талқылау қажет деп санадық. 5 жылдан соң оқу орнын бітіріп, жұмыс істейсіздер. Үлкен өмірге қадам басасыздар. Қаламыздың дамуының негізгі қағидаттары қандай екендігін біле жүріңіздер. Болашақтың қандай болатынын болжау үшін сарапшылардың көмегіне жүгінеріміз рас. Бірақ толық байқағың келсе, жастармен қауышып, олардың тыныс-тіршілігін, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдау керек деп санаймын. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесі Елбасы назарынан шыққан емес», - деді әкім.

Қала басшысы университет студенттері жасаған «Al-Farabi university smart city» инновациялық жобасына қызығушылығын білдірді.

«Бұл жобаны қаланың дамуында пайдалануымыз әбден мүмкін. Жаңа технологиялары бар ақылды қалада халықпен кері байланыс орнату аса маңызды», - деді Б.Байбек.

Жаңа бағдарламаның аясында студенттерді жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, баспанамен қамту мәселелері талқыланды.

Қала әкімі «2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» шеңберінде университеттік зерттеу жұмыстарын жүргізген жас ғалымдарға грант бөлу қарастырылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар