Бауыржан Байбек алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек алматылықтарды Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Шаһар басшысы Ата Заңымыз - Конституцияның Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуында басты рөл атқарғандығын атап өтті.

«Президентіміздің салиқалы саясаты  арқасында еліміз тәуелсіздіктің барлық жылдары  ішінде бірлікті ту етіп, азаматтық сәйкестік негізінде біртұтас ұлтты қалыптастырды. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының Бес институционалды реформасын кеңінен  талқылау барысында  Конституцияға ауқымды өзгерістер енгізілді. Ал бұл Заңның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдауға, азаматтарға негізделген мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға азаматтық қоғамның белсенді түрде  қатысуына және тиімді  бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Конституциялық реформа заңнамалық буынның орындаушыларға бақылауын күшейтті, атқарушы органдардың  және саяси партиялардың жауапкершілігін арттырды. Реформаның түпкі  мақсаты - қарапайым қазақстандықтардың өмірін түбегейлі жасқарту», - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы әкімі саяси және экономикалық қайта құрудың және Конституция  әлеуетін тиімді пайдаланудың басты мақсаты - сананы жаңғырту екенін қадап тұрып айтты. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында: «Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі» деген болатын.

Өзінің сөзінде Бауыржан Байбек  қысқа уақыттың ішінде Алматының қуатты қаржы орталығына айналғанын, бизнестің жедел дамығанын, ауқымды жұмыс орындарының ашылғанын, қала тұрғындарының тұрмыс жағдайларының жасқарғанын  айтты.

Осының барлығына Мемлекет басшысының 20 жыл бұрын  бас қаланы Астанаға көшіру жөніндегі  шешімі оң ықпал  етті. Халықаралық тәжірибе  мықты  саяси орталық пен либералды  қаланы үйлестіру алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тұрақты дамуына  әсер ететінін көрсетті. Мысалы, Вашингтон мен Нью-Йорк, Анкара мен Стамбул, Берлин мен Мюнхен.

«Қаржы және экономикалық магнит ретінде Алматы  еліміздің  саяси орталығы - Астананы толықтыра түсуде. Астананы көшіру кезінде Елбасы «Алматы мемлекетіміздің ірі қаржы-экономикалық, ғылыми, әлеуметтік- мәдени орталығы болып қала береді және өзінің тартымдылық маңызын ешқашан жоймайды» деген болатын. Біз бүгін Елбасы шешімінің өміршеңдігін көріп отырмыз.Мысалы, Алматы еліміз экономикасының бестен бірін, салық және салықтық емес түсімнің үштен бірін беруде, барлық сауда операцияларының  40%-дан астамын, жұмыспен қамтудың 15%- ын қамтамасыз етуде», - деді Б.Байбек.

Салтанатты жиын өнер ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар