Бауыржан Байбек Алматыдағы бірқатар нысандардың жаңғырту жұмыстарымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Төле би көшесі бойын аралап, «Сайран» автовокзалы мен «Тастақ» базарын реконструкциялау жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайран» автовокзалының меншік иесі қала басшысына нысан айналасын дамытудың алдын - ала жасалған концепциясын көрсетті.

Аталмыш құжатқа сәйкес, автовокзалдың көлік логистикасын түгел жаңарту қарастырылып отыр. Сондай-ақ вокзал жанында субұрқақ, дәмхана сияқты нысандар болады, аймақты толықтай абаттандыру көзделген.

Мегаполис басшысы автовокзал маңы көпшілікті өзіне тартатын шағын аудан болуы тиіс екендігін атап өтті. Мұнда қазірдің өзінде заңсыз салынған құрылыстар алынып, нысанның сырты жаңартылуда.

«Сайранды» тез арада қайта жасап, оның айналасын абаттандырған жөн. Біздің бұл жерді қашан ретке келтіретінімізді автовокзал жолаушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да асыға күтуде», - деді Бауыржан Байбек.
null

Жұмыс сапары кезінде қала әкімі Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, қайта жаңғыртылап жатқан «Тастақ» әмбебеп базарын қарап шықты.

Сауданы заманауи жүйеге сай жүзеге асыру үшін базар иелері 450 млн. теңге инвестиция бөлген. Оған екіқабатты, жалпы алаңы 4,2 мың шаршы метр болатын нысан салынған. Шілде айында кәсіпкерлердің басым көпшілігі осында көшірілмек. Осыдан кейін базардың екінші бөлігі реконструкцияланады.

Сондай-ақ қала әкімі Абай даңғылы бойында салынып жатқан «Алматыбасжоспар» нысанының құрылысымен және Республика алаңын реконструкциялау жұмыстарымен танысты.

Айта кету керек, Алматыда биыл қаланың бірқатар негізгі даңғылдары жаңарады. Мегаполистің барлық аудандарында 150-ден астам көшені жөндеу және 600 ауланы қайта жаңарту жоспарланған.
nullnullnullnull

Арайлым Жолдасбаева

Соңғы жаңалықтар