Бауыржан Байбек Алматы дәрігерлеріне жедел жәрдем көліктерін сыйлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалалық жедел жәрдем ауруханасына 40 арнайы көліктің кілтін табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Біз дағдарыс кезеңіне қарамастан, қомақты қаржы бөліп, 40 арнайы көлікті сатып алып отырмыз», - деді қала әкімі.

Бауыржан Байбек көліктердің технологиялық мүмкіндіктерімен танысып шықты. Сонымен қатар, аурухана қызметкерлерін медициналық мекеменің 120 жылдығымен құттықтады.

«Көліктер жаңа заман талаптарына сай, сонымен қатар 2017 жылы өтетін Универсиаданың халықаралық стандарттарына да жауап береді. Әлемдік талап бойынша 10 мың адамға бір бригада болуы қажет және ол қаланың қай жерінде болмаса да, кез келген жағдайда 12 минутта жетіп үлгеруі тиіс», - деді шаһар басшысы.

null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар