USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Бауырын ауыстырған талдықорғандық келіншек депутаттардан көмек сұрады

2018 жылғы 5 қаңтар 21:27
Бөлісіңіз:
Бауырын ауыстырған талдықорғандық келіншек депутаттардан көмек сұрады

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиев пен Марат Бопазовтан талдықорғандық Әйгерім Бегалы көмек сұрады. Шағымданушының айтуынша, оған былтыр екі жылға бірінші топтағы мүгедектік тағайындалған. Бірақ белгісіз себептермен бір жылын қысқартып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен 2015 жылы бауыр циррозы дертіне шалдықтым. Былтыр менің бауырымды толықтай алып тастады. Туысымның донор болуының арқасында бір өлімнен аман қалдым. Маған операция жасалғаннан кейін бірден екі жылға бірінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Бірақ мені күз айында талдықорғандағы мамандар шақырып, бірінші топтағы мүгедектік тек бір жылға берілетінін айтты. Тіпті қолымдағы анықтаманы қаламмен сызып бір жылын қысқартып, қайтарып берді. Енді маған бірінші топтағы мүгедектік тек биылғы жылдың мамыр айына дейін ғана беріледі», - дейді Әйгерім Бегалы.

Жәбірленушінің айтуынша, ол алатын жәрдемақы оның дәрі-дәрмегінен аспайды. 31 жастағы келіншек мүгедектікті тағайындаған кезде мамандар қайда қараған деп ашуланып отыр. Енді оның бар үміті халық қалаулыларында. Талдықорғандықтың шағымын толықтай тыңдаған Серік Сәпиев пен Марат Бопазов мәселені анықтауға уәде берді.

Айта кету керек, Талдықорғандағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау жүргізген болатын.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT