Батыста әскери сүңгуірлер машығын жетілдірді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери сүңгуірлері оқу-жаттығу жиынында машығын жетілдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты – бөлімшелердің жауынгерлік дайындығын, тапсырмаларды орындау қабілетін тексеру.

Сондай-ақ, командирлердің акваторияда жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланған.

«Оқу-жаттығу кезінде әскери сүңгуірлер теориялық және практикалық білімі мен машығын жетілдірді. Сүңгуірлер әр түрлі қашықтықта жылдамдық пен төзімділікке, тереңдікке суда сүңгу, жүзу қондырғыларын іске қосу, моторлы қайықтарды басқаруға арналған сынақтарды тапсырып, алғашқы медициналық көмек тапсырмаларын орындады. Жеке құрамның қару жарақты, арнайы техниканы және құрал-жабдықтарды жауынгерлік дайындық жағдайын келтіру, су ортасында өмір сүру қабілетін арттырудағы дағдысы мен білімі сараланды», - деді Бас штабтың арнайы операциялар бөлімінің аға офицері подполковник Ақылбек Кенжебаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін батыста жаз сарбаздар әскери дайындықтан өткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар