Батысқазақстандықтар «Жастар - Отанға!» іс-шарасын бастады

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен 14 сәуірден  қоршаған ортаны таза ұстау және қаланы көгалдандыру мақсатында «Жастар - Отанға!» іс-шарасы аясында сенбіліктер жоспарланып, өтіп жатыр.

«Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының атқарушы хатшысы, «БҚО студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дархан Қадыралиевтің айтуынша, бүгінгі таңда қала бойынша тазалық жұмыстары атқарылып, ағаш көшеттері отырғызылуда.

Сенбілікке 250-ден астам құрылыс және еңбек жасақтарының сарбаздары мен «жасотандықтар» қатысты.

Аталмыш шара облыс орталығымен қатар аудандарда да ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар