Батысқазақстандықтар тапсырған қару-жарақтың арасында артиллериялық снаряд та бар

None
None
ОРАЛ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру іс-шарасының бірінші кезеңі аяқталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, биылғы 1 ақпаннан 31 наурызға дейін барлығы 479 арыз түсіп, 605 қару тапсырылған. Оның ішінде 78  дана ұзын ұңғылы шолақ мылтық, 518 тегіс ұңғылы мылтық, 8 дана тегіс ұңғылы аңшылық шолақ мылтық, 1 дана аңшылық шолақ мылтық, 1314 дана шолақ мылтықтың 5,6 мм патрондары мен 3 дана артеллериялық снаряд тапсырылған. Оның ішінде қала бойынша 210 қару тапсырылса, қалғандары облыс аудандарынан алынған.

Ақжайық ауданының тұрғыны тапсырған артеллериялық снарядты ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлері ауылдан үш шақырым қашықтыққа жеткізіп, жару арқылы жойып жіберді.

Барлық аумақтық ішкі істер органдарында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды қабылдау бойынша құрылған арнайы комиссияның шешімімен шара барысында тапсырылған қарулар бойынша сыйақы республикалық бюджет есебінен азаматтардың жеке ашылған есепшотына аударылатын болады.

Соңғы жаңалықтар