Батысқазақстандықтар садақ атудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандықтар Талдықорған қаласында садақ атудан өткен халықаралық турнирден олжалы оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, ересектер мен жастар арасында өткен аталмыш жарысқа Алматы, Балқаш, Текелі қалаларынан, Алматы, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан 130-дан астам садақ ату шебері қатысты.

БҚО-дан барған 19 спортшының ішінен ересектер арасында Анастасия Баннова олимпиадалық айналым болып есептелетін 18 және 25 метрден нысана көздеуде екінші орынды еншіледі. А.Баннова - жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан белгілі спортшы. Сондай-ақ жастардан Артем Костин 25 метрден нысана көздеуде күміс жүлдегер атанып, ҚР спорт шебері талабын орындады. Ересектер арасында микс сынағынан А.Баннова мен Игорь Ковалев қола жүлдені иеленді. Спортшыларды Виталий Шкоков, Елена Плотникова, Константин Солодовниковтер баптайды.

Соңғы жаңалықтар