2014 жылғы 30 желтоқсан 14:28

Батысқазақстандықтар президенттік көпсайыстан өткен жарыстан жүлдемен оралды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық спортшылар Ақмола облысы Щучинск қаласында президенттік көпсайыстан ҚР кубогы үшін өткен жарыстан олжалы оралды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш сайысқа сегіз облыстан 138 спортшы қатысып, бақ сынады.

БҚО құрамасы қос күміс, бір қола жүлдені иеленді. Атап айтқанда, 60 жас және одан жоғарылар арасынан Владимир Мельников, 18-20 жастағылардан Ерсұлтан Есенгелдиев екінші орынды еншілесе, 34-39 жастағылардан Борис Кудрявцев үшінші сатыға көтерілді.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT