Батысқазақстандық журналистер өз аллеясында тал-теректер отырғызды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 29-ында Орал қаласындағы журналистер аллеясында өңірдегі БАҚ өкілдері тал-теректер отырғызды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш аллея биыл баспасөз күні қарсаңында ашылған болатын. Енді оны журналистер күтімге алып, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қоспақшы. Бұл жолы барлығы 33 түп ағаш отырғызылды.

Бұдан бұрын қаладағы ЖОО-лардың студенттері хан тоғайында жас ағаш көшеттерін еккен болатын.

Соңғы жаңалықтар