Батысқазақстандық жол полицейлері әйел адамды қағып өлтіріп, жол шетінде қалдырып кеткен көлік иесін қолға түсірді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 28-де Орал қаласы маңындағы Подстепный мен Барбастау елді мекендері аралығында белгісіз біреу қырық тоғыз жасар әйел адамды көлігімен қағып өлтіріп,

 ізін жасырған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Игорь Дождиковтің айтуынша, куәлардың жоқтығына қарамастан, жол полицейлері тоғыз күннен кейін күдіктіні тауып, қолға түсірді. Алдымен оқиға болған жерде қалған машинаның сынған бөлшектеріне қарап оның  қызыл түсті «Гольф-2» автокөлігі екендігін анықтау қиынға түспеді. Содан кейін облыстағы осындай машиналардын бәрі ( 350-дей ) тексерілді. Ақыры кісіні соққан көлік иесінің өз машинасын жөндеп үлгергеніне қарамастан, оның өз кінәсін мойындауына тура келді. Енді ол ҚР ҚК 296-бабы (байқаусыз кісі өліміне соқтырған жол ережесін бұзу) ғана емес, оқиға болған жерден бой тасалап кеткені үшін 297-бап бойынша да жауап беретін болады.

Соңғы жаңалықтар