+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Батысқазақстандық желаяқ Ақсайдан Оралға дейін жүгіріп өтті

2019 жылғы 16 желтоқсан 11:52
Бөлісіңіз:
Батысқазақстандық желаяқ Ақсайдан Оралға дейін жүгіріп өтті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық желаяқ Баубек Ілиясов Ақсайдан Оралға дейін 150 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзінің айтуынша, ол 15 сағат бойы тоқтаусыз жүгірген.

«Осыдан екі апта бұрын досым Азамат Темірханов екеуміз 70 шақырым жүгіріп келіп едік. Бұл жолы Ақсайдан Оралға дейін жүгіретін болып шештік. 15 желтоқсан күні сағат 14.41-де бастадық. Бастапқыда қиын болды. Бөрліден Теректі ауданына өтіп, 79 шақырымды артқа тастаған мезгілде Uralsk Runners жүгіру клубының мүшелері, достарымыз Армат Төребеков пен Жансая Өтеғалиева қарсы алып, машинамен қасымызда жүріп отырып, барлық керек-жарақпен қамтамасыз етті», дейді Б.Ілиясов.

Одан кейін Теректі ауданы Яик ауылына жеткенде (105 км), Азаматтың аяғы сыр беріп, ескі жарақаты шығып, жүгіруді тоқтатты. Содан соң Баубекке жалғыз жүгіруге тура келген. Жолшыбай аз-кем қоректенгені болмаса, тоқтамаған желаяқ Оралға 15 желтоқсан күні таңғы сағат 05.40-та жетті.

«Бұл жүгіру сапарымызды Тәуелсіздік мейрамына арнадық. Түн ұйқысын қиып, бізге көмектескен Армат пен Жансая достарымызға, Оралда мені жаттықтырып жүрген Нәбек Ізғалиұлына алғысымды айтамын», деді Баубек.

Бұл - Б.Ілиясовтың бір ғана жетістігі емес. Биылдың өзінде Алматы марафонында 9-ыншы, Ақтөбеде жартылай марафонда бесінші орынға ілікті. Қазталов ауданы мен Қостанайда өткен жартылай марафонда сәйкесінше бірінші және үшінші орынға ие болды. Теректі марафонында, облыс чемпионаты мен Атырау Дала Рэйс жарысында алдына жан салмаса, Оралда өткен «Ақжайық» марафонында (42,2 км) қола жүлдегер атанды. Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында үздік ондықтың қатарына енді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын батысқазақстандық ультрамарафоншылардың Оралдан Атырауға дейін 500 шақырым қашықтықты жүгіріп өткенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT