Батысқазақстандық жастар сайлауды қолдап, флешмоб өткізді (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласындағы М.Мәметова атындағы алаңда 300-ге жуық студент жастардың қатысуымен флешмоб өткізілді.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Даумовтың сөзіне қарағанда, шараның мақсаты 26 сәуірде өтетін ҚР Президентін сайлауды қолдап, оған жастарды белсенді қатысуға үндеу болып табылады.

Флешмоб барысында жастар «Сенің дауысың - сенің болашағың», «Жастар сайлауды қолдайды» деп ұрандатты. Содан кейін олар қанат белгісін жасады да, арнайы дайындалған плакатқа қол қойып, шарлармен бірге аспанға ұшырды. Сөйтіп, сайлауды бір кісідей қолдайтындықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар