Батысқазақстандық жас туристер ел кубогы үшін жарыста жеңімпаз атанды (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жас туристері Оңтүстік Қазақстан облысы Біркөлік шатқалында туристік көпсайыстан жасөспірімдер арасында өткен ҚР кубогының финалдық жарысында жеңімпаз атанды.

Орталықтың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Батыс West» командасы шыңға өрмелеу, жіппен бірге жүру, асудан өту сияқты барлық қашықтықтарда алдарына жан салмай, абсолютті чемпион атанды.

Жекелей сында Кәмшат Нетәлиева жетекшілік ететін «Тау туризмі» үйірмесінің мүшелері Кәрім Нетәлиев пен Рая Лұқпанова бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, «Батыс West» командасы бұдан бұрын да осындай жарыстарда үздік шығып жүрген болатын.

Соңғы жаңалықтар