Батысқазақстандық жас талант Ригада өткен фестивальда үш мәрте жүлдегер атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық әнші, тоғыз жастағы Ержан Максим Ригада мәреге жеткен жас орындаушылардың бесінші «Riga Symphony 2016» халықаралық фестивалінде үш мәрте жүлдегер атанды. Бұл жөнінде әлеуметтік желі белсендісі Айболат Бөкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан атынан айтулы додаға түскен Ержан Максим авторлық ән мен әлемдік хиттен бірінші, халықтық әннен екінші орынды иеленіп, үш бірдей медальға қол жеткізді.

«Балам биыл жазда Алматыда өткен халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында жеңімпаз атанып, халықаралық додаларға, соның ішінде келесі жылы Витебскіде болатын «Славян базарына» жолдама алған болатын. «Славян базарына» бару үшін оған дейін халықаралық байқауларға қатысып, көбірек ұпай жинау керек. Осының алдында қыркүйек айында Грузияның Батуми қаласында өткен халықаралық байқаудың бас жүлдесін алып келді. Енді, бұйырса, алдағы жылы Италияның Сан-Ремо қаласында өтетін жас орындаушылардың халықаралық фестиваліне қатысуы керек. Оның бір ерекшелігі, әнді оркестрге қосылып итальян тілінде орындайды. Балам Орал қаласындағы №34 орта мектепте оқиды. Әннен ұстазы - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының солисі Дария Бақытова.
null  

Ержан жеті жасында Мәскеуде өткен «Бегущая по волнам» фестивалінің бас жүлдесін алған еді. Одан бері де халықаралық, республикалық байқауларда оза шауып жүр. Дарынына бөгет жасамайық, жолын ашайық деген оймен, осы жолы қаржыдан қанша қиналсақ та, несие алып, анасы Гүлмира екеуін Ригаға жіберген едік, олар бүгін кешке келеді», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ержанның әкесі Ербол Нұғманов.

null null  

Соңғы жаңалықтар