Батысқазақстандық тұрғындар депозиттің 55,1 пайызын ұлттық валюта түрінде салып отыр

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғындар депозиті 24,6 млрд. теңгеге жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Осының 55,1 пайызы немесе 13579,9 миллионы теңге түрінде салынса, 11050,6 миллионы шетелдік валютаның еншісіне тиеді.

Тұрғындар сондай-ақ несие алудан да қашып отырған жоқ. Биыл екінші деңгейдегі банктер 90,7 млрд. теңге несие берген.

Соңғы жаңалықтар