Батысқазақстандық теміржолшылар төл мерекесін атап өтті

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 2-сінде Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында теміржолшылар төл мерекесін атап өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен атап өткеніндей, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - Орал жол бөлімшесі облыс экономикасын көтеруге өз үлесін қосып келеді. Қазіргі кезде тасымалдың 70 пайызы теміржол арқылы атқарылады.

Мерекеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы - Орал жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков осы салада ұзақ жыл табысты еңбек еткен сексенге тарта қызметкерге түрлі марапат пен сый-сияпатты табыс етті. Мәселен, Орал жол бөлімшесінің кезекшісі Құбайдолла Мұхамбетов «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталса, пойыз диспетчері Жолдас Асабаев аталмыш ұлттық компанияның құрмет грамотасына ие болды.

Соңғы жаңалықтар