Батысқазақстандық таэквондошылар әлем кубогында үш «алтын» жеңіп алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батысқазақстандық спортшылар Минскіде ТАЭКВОН-ДО ITF-дан өткен әлем кубогында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Оралдан айтулы додаға барған төрт спортшының үшеуі алтын медальді жеңіп алды.

Атап айтқанда, 11 жасар Алессандро Карбоне 11-13 жастағылар арасында 35 келіге дейінгі спаррингтік дәреже бойынша үздік шықты. Сол секілді 8 жасар Ахмет Ақберен 7-8 жастағылар арасында 23 келіге дейінгі бәсекеде алтыннан алқа тақты. Дәл осындай сында 8 жасар Ади Карбоне де алдына жан салған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар