Батысқазақстандық студенттер Елбасы мен Үкімет қолдауын айқын сезініп отыр

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері қазіргідей дағдарыс жағдайында Елбасы мен Үкімет қолдауын айқын сезініп отыр.

Аталмыш университеттің кәсіптік тәжірибе және студенттік мансап орталығының жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бейбіт Нәсиевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Елбасы бастамасына сәйкес білім ордасында ақылы негізде оқитын 171 студентке білім гранты бөлінсе, «Жол картасы» бойынша жастар тәжірибесі де ұйымдастырылуда. Мәселен, университет қабырғасынан биыл түлеп ұшқан 1290 түлектің 300-і осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналасты. Бұл бастамаға өңірдегі көптеген кәсіпорындар қолдау көрсетті. Университеттің өзінде де 12 жас маман еңбектенуде. Облыста мұнай-газ саласындағы 16 шетелдік компаниямен мәмілеге келудің арқасында жас мамандар жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылып келеді.

Соңғы жаңалықтар