Батысқазақстандық спортшы қол күресінен әлем чемпионатының жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батысқазақстандық Кенжеқыз Қаупенова Түркияның Анталия қаласында қол күресінен жастар мен қыздар арасында өткен әлем чемпионатының жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Кенжеқыз 65 кг салмақта күміс жүлдені жеңіп алды.

Батыс Қазақстан облысынан барған тағы бір спортшы Арайлым Қанатова төртінші орынға табан тіреді. Екеуін де Мұрат Ибатов жаттықтырады.

Бұдан бір жыл бұрын Кенжеқыз Қаупенова Мажарстан астанасы Будапеште жастар арасында өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын.null 

Сонымен қатар Анталия қаласында қол күресінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дүниежүзілік додаға БҚО-дан үш спортшы қатысты. Жиенбек Қошанов 70 кг салмақта күміс, Анастасия Сламихина 60 келіде қола медальға ие болды. Ардагер спортшы Азон Шаймарданов жұбаныш сыйлығын еншіледі. Бұлардың жаттықтырушысы - Аманбек Қошанов. Оралда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналган спорт клубында қол күресі бөлімі ашылғанына небәрі тоғыз ай болса, бұған дейін батысқазақстандықтар ел және Азия чемпионаттарында үздік шыққан еді.

null 

Соңғы жаңалықтар