Батысқазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Әліби Теміртасов Талдықорған қаласында жекпе-жек ұлттық спортынан жастар мен ересектер арасында өткен ашық Азия чемпионатынан олжалы оралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

БҚО ұлттық спорт мектебінің директоры Дастан Мырзағалиевтің айтуынша, аталмыш жарысқа жеті елдің спортшылары қатысып, бақ сынады. Әліби ересектер арасында 57 кг салмақта қола жүлдегер атанды.

Ә.Теміртасов БҚО ұлттық спорт мектебінің жекпе-жек бөлімінде жаттығады.

Айта кетейік, аталмыш мектеп спортшылары бұдан бұрын да ұлттық спорт түрлерінен, жекпе-жектен өткен жарыстардан жүлделі оралып жүр.

Соңғы жаңалықтар