Батысқазақстандық сот қызметкерлері шағын футболдан сынға түсті

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының судьялары мен сот жүйесінің қызметкерлері қараша айында өтетін ҚР Судьялар одағының V съезіне орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оралдағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында өткен жарысқа сегіз команда қатысты. Турнир қорытындысында облыстық соттар әкімшісінің құрамасы топ жарса, облыстық сот - екінші, Зеленов, Зеленов №2, Тасқала аудандық соттарынан жасақталған команда үшінші орынды еншіледі. Оларға дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ ерекше көзге түскен жекелеген спортшылар да марапатталды.

Соңғы жаңалықтар