Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Батысқазақстандық самбошы Армат Қабдолов жастар арасында Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 52 кг салмақта юниорлар арасында күрескен Армат қатарынан төрт кездесуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

А.Қабдолов финалда ғана ресейлік Харун Тлишевке есе жіберді. Арматтың бапкері - Мейірім Базаров.

Айта кетейік, айтулы додада қазақстандық басқа палуандар да жүлдесіз қалып жатқан жоқ.

Халықаралық самбо федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, екі күннің қорытындысы бойынша юниорлар арасында Асқар Еспосынов 48 кг салмақта жеңімпаз атанса, Бекзат Молдақапас (62 кг) пен Тоқтарбек Айдарбек (82 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. Жастардан Жандаралы Шыңғыс (60 кг) пен Кемелбек Молдаш (65 кг), Бибарыс Әбдуғани (юниор, +100 кг) күміс, Диана Ғайболла (52 кг), Гүлнәз Нұрдинова (56 кг), Арайлым Әбенова (+75 кг) қола жүлдегер атанса, юниорлардан Арнұр Қуатай (68 кг), Әдия Сайын (44 кг) мен Гүлзада Алмаз (56 кг) үшінші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар