2009 жылғы 28 қазан 18:26

Батысқазақстандық самбошы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ОРАЛ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық самбошы Сырым Мирманов Болгарияның Самоков қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілген әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 27 елінен балуандар қатысқан байрақты бәсекеде Сырым 52 келі салмақта литвалық, әзірбайжандық қарсыластарын тізе бүктіріп, қашанда мықты саналатын Ресейдің тәжірибелі спортшысынан 0:1 есебімен ұтылды.

Жеті жасынан спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп келе жатқан С.Мирманов 11-сыныпта оқиды.

Ағайынды Райымбек және Әлібек Меңдіғалиевтер баптайтын жас балуан осыдан үш жыл бұрын ел чемпионы және спорт шебері атанған болатын.

Автор:
Тілші
Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT